17. Саудагерді ASIAPAY жүйесінен ажырату тәртібі келесі шартты кезеңдерден тұрады:
- Шартты бұзу туралы хабарлама
- Операцияларды бұғаттау
- Жабдықты қайтару
- Өзара есеп айырысуларды жүргізу
- Жеке кабинетке кіруді жабу
- Құжаттарды сақтау
18. Шартты бұзу туралы хабарлама
- ASIAPAY жүйесінен ажыратуға бастамашы болған Тарап екінші Тарапқа шарттың талаптарына сәйкес шартты бұзу туралы хабарламаны осындай бұзудың күні мен негіздерін (бар болса) көрсете отырып жібереді.
- Бұзу мерзімі шарттың талаптарына сәйкес белгіленеді.
19. Операцияларды бұғаттау
- ASIAPAY жүйесінен ажыратуға бастамашы болған тарап шартты бұзу туралы хабарлама жіберілген күннен бастап ASIAPAY жүйесі арқылы операцияларды жүргізуге тыйым салады.
- Шартты бұзу туралы хабарлама алған Тарап, егер арнайы шарттарда өзгеше белгіленбесе, мұндай хабарламаны алған күннен бастап ASIAPAY жүйесі арқылы операциялардың жүргізілуіне тосқауыл қояды.